Нұрәлі Әлиев пен ҚТЖ-ға тиесілі телекоммуникациялық компания басқарма мүшелеріне 2,5 есе аз қаржы төледі. Алайда оның табысы еселене түскен

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Нұрәлі Әлиев 75%-ына иелік ететін «Транстелеком» өткен жылы 11,1 млрд теңге шығынға ұшыраған / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

«Транстелеком» телекоммуникациялық компаниясы атқарушы орган мүшелеріне 2023 жылға 224 млн теңге төлейді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда (561 млн теңге) 2,5 есеге аз. Ал компания өткен жылы 11,1 млрд теңге шығынға ұшыраған. Биыл керісінше табыс 10,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта (KASE) жазылған.

«Транстелеком» жоғарыда аталған сома басқарма мүшелеріне төленетін барлық төлемнің жалпы сомасы. Оның ішінде жалақы мен барлық сыйақыны қамтиды.

Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 536,7 млн ​​теңгені (пайдасы 4,8 млрд теңге) құрады, Бұл 2022 жылдың қорытындысымен шамалас.

Компанияның сайтында «Транстелеком» АҚ атқарушы органы мүшелерінің тізімі көрсетілмеген. Дегенмен KASE мәліметтеріне сәйкес, компания 2023 жылдың ортасында басқарма төрағасын ауыстырған. Маусым айының соңынан бастап Ерлан Адайбековтің орнына Данияр Қожасбаев жетекшілік етті. Қожасбаев бұл қызметте небәрі алты ай жұмыс істеген. Кейін оның орнына Сүйеніш Әбділдин тағайындалды.

Өткен жылдың ортасындағы жағдай бойынша компанияның атқарушы орган мүшелеріне алты адам кіреді. Атап айтқанда, басқарма төрағасы Қожасбаев пен оның бес орынбасары: Ерлан Минавар, Ғазиз Дөненбай, Мұрат Ахметов, Асқар Баймырзаұлы және Кәрім Қасымов бар.

«Транстелеком» 1998 жылы мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылды. 2004 жылы акционерлік қоғамға айналды. Компания телекоммуникациялық және IT қызметтерін ұсынады, құрылыс-монтаждау жұмыстарының толық кешенін орындайды, сонымен қатар іздестіру және жобалау қызметін жүзеге асырады. 2023 жылдың аяғында оның республика бойынша 14 филиалы тіркелді.

2019 жылы компания акцияларының 75%-ы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевке тиесілі Unit Telecom сатып алды. Қалған 25%-ы «Самұрық-Қазына» қорына қарайтын ҚТЖ-ға тиесілі. Кейін Назарбаевтың немересіне компания қалай сатылғанына талдау жасалатыны хабарланды.

2023 жылы «Транстелекомның» ҚТЖ мен оның еншілес компанияларынан, сондай-ақ басқа да байланысты тараптардан түскен табысының үлесі жалпы кірістің 36%-ын (2022 жылы – 53%) құрады.

Нұрәлі Әлиев Forbes.kz тізімі бойынша Қазақстанда 41-орында. Оның байлығы 220 млн долларға бағаланады. Ол Transtelecom, Capital Holding және Darmen Holding компанияларының негізгі акцияларына ие. Сондай-ақ оның Дубайда Donatello Hotels and Resorts, Алматыда Donatello бутик-қонақүйі және Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханалары бар.

Сондай-ақ оқыңыз