Елімізде жылуға артық төленген 768 миллион теңге қаражат тұтынушыларға қайтарылатын болды

Жарияланды
Жылуға артық төленген 768 млн теңгеге жуық қаражат тұтынушыларға қайтарылмақ /Фото: kursiv.media

Елімізде жылу есептейтін құрылғылары жоқ тұтынушыларды жылумен қамтасыз ету қызметінің құны қайта есептелініп шықты. Бұл жұмысты Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аймақтық бөлімшелері атқарды. Соның нәтижесінде жылуға артық төленген 768 млн теңгеге жуық қаражат тұтынушыларға қайтарылмақ.

Табиғи монополиялар туралы заңға сәйкес, табиғи монополия субъектілері сыртқы ауа температурасын ескеріп, жылу беру қызметі ақысын қайта есептеп шығуға міндетті.

Сондықтан жылумен қамтамасыз ететін табиғи монополия субъектілері 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде есептейтін құрылғылары жоқ тұтынушылардың төленген ақшасын қайта есептеп шығарды. Нақты айтқанда, 768 157 мың теңге айырма шыққан.

Мәселен, жылу үшін Астана тұрғындары 2 279,97 мың, алматылықтар 95 405,36 мың, шымкенттіктер 20 208,83 мың теңге артық төлеген. Қаражат жаңа жылу маусынында  тұтынушылардың жеке шотына аванс ретінде түспек.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұрғындарға жылу есептейтін құралдарды пайдалануға шақырып отыр. Сонда тұтынушы тек қана пайдаланған энергиясы үшін ғана ақы төлейді және артық төлем жасаудың алдын алады.

Қазір еліміздегі көп пәтерлі үйлердің 75 %-да есептеу құралдары бар. 

Сондай-ақ оқыңыз