Қазақстан Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласын ұстау үшін сыйақы тағайындады

Жарияланды (жаңартылды )
Мәсімовтің күйеу баласын ұстау үшін сыйақы тағайындалды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов туралы ақпарат берген азаматтарға сыйақы беретіні туралы ақпарат жариялады.  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген ауыр қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін, Ресей Федерациясының азаматы, Қырғызстан Республикасында 12.04.1978 жылы туылған Қапенов Азамат Абайұлы іздестіріліп жатыр. Сыйақыға және құпиялылыққа кепілдік беріледі», – делінген хабарламада.

Қазір Қапеновті екі елдің – Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Оның үстінен «Азия Авто» дау-дамайына қатысты іс қозғалуы ықтимал. 

Кейбір дереккөздеріне қарағанда, Қапенов қазір БАӘ елінде бой тасалап жүруі әбден мүмкін. Жолаушылардың қозғалысын белгілеп отыратын Ресейдің «Магистраль» жүйесінен шыққан мәліметтер осыны көрсеткен. Қапенов Мәскеуден Дубайға 2023 жылы 22 шілдеде ұшқан. Бірақ осы уақытқа дейін ол жақтан қайтып оралмаған.  

Мұның алдында Азамат Қапеновке іздеу жарияланғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ оқыңыз