Үкімет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге рекордтық деңгейдегі қаражат бөлді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есеге ұлғайтылды», – делінген Үкімет хабарламасында.
Бұдан бөлек, премьер шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам жеңілдігі бар дизель отыны жөнелтілген. Өңірлерге барлығы нарық бағасынан төмен деңгейде тіркелген баға бойынша шамамен 355 мың тонна жеткізіледі. Қажет болған жағдайда қосымша дизель де бөлінеді.
Премьер-министр Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізген. Жиынға ауыл шаруашылығы министрі, экология және табиғи ресурстар, энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері қатысқан.
Жаппай егін жинау жұмыстары 20 тамыздан басталады. Ауыл шаруашылығы министрлігі техниканың 98% жұмысқа дайын екенін хабарлады. Барлығы 149 мыңнан астам трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш дайындалған.
«Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн тонна. Элеваторлар өткен жылғы егін қалдықтарынан 10 қыркүйекке дейін босатылуы тиіс.
2024 жылғы егін жұмыстарына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 100 млрд теңге бөлген. 2024 жылы холдинг агроөнеркәсіптік кешен жобаларына жалпы 300 млрд теңге бөлуді жоспарлаған.