Америка банктері қызметтерін Ресей аумағынан пайдаланбақ болғандардың шоттарын бұғаттауы мүмкін. Клиенттің тұрғылықты жері IP мекенжай арқылы анықталады, деп жазады РБК.
Банктер клиенттің орналасқан жерін IP мекенжайы бойынша біле алады. Ол Ресейде отырып несиелік мекеменің мобильді қосымшасына кіргенде немесе интернет-дүкенде төлем жасау үшін карта мәліметтерін енгізген кезде белгілі болады. F.A.C.C.T компаниясының қаржылық алаяқтық жөніндегі маманы Дмитрий Дудковтың айтуынша, АҚШ-тағы банктерде ресейлік провайдерлердің IP мекенжайлары арқылы бақылайтын техникалық құралдары бар.
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) ақша аударымдары немесе онлайн-банкинг компанияларына IP мекенжайлары негізінде санкцияланған аумақтардан төлем жасауға әрекеттенген клиенттердің шоттарын блоктауды ұсынады.
Алайда бұл ұсыныс тек толық аумақтық санкцияларға ұшыраған аймақтарға ғана қатысты. Олар: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Сирия, сондай-ақ Қырым және т.б.
«Ресей қазіргі уақытта бұл аумақтардың бірі емес, сондықтан банктер санкциялары, реттеуші, беделі мен комплаенс тәуекелдері жоғары юрисдикция ретінде Ресеймен өзара әрекеттестігін ішкі бағалау негізінде шоттарды бұғаттайды деп болжау қисынды. Сондай-ақ бұл жерде банктердің түрлі қаржылық заң бұзушылықтарға байланысты ауыр айыппұлдар мен басқа да келеңсіз салдарлар туралы алаңдаушылықтары маңызды рөл атқарады», – деп жазды басылым.
Еске сала кетсек, Ресей «саяси тұтқындарды» Америка мен Еуропада сотталған азаматтарына алмастырған еді.
2024 жылғы 12 маусым АҚШ санциясынан соң, Мәскеу биржасында үш валютамен сауда-саттық тоқтады. Ресей рублі құлдырады.