ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы шілденің аяғында М2 ақша агрегаты бір айда 35 трлн теңгеге дейін немесе 2,4%-ға өсті. Ал жыл басынан бері 6,7%-ға, ал бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 21,1%-ға артты.
М2 ақша агрегаты – бұл айналымдағы қолма-қол ақшаны, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, халықтың теңгедегі және шетел валютасындағы жинақ депозиттерінің көрсеткіші.
Шілдеде, әсіресе, айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 1,3% артқан. Экономикадағы қолма-қол ақшаның өсімі жыл басынан бері 9%-ға дейін үдеп, бір жыл ішінде өсім 13,1%-ды құрады.
Осылайша 2024 жылғы шілдеде ақша базасы да жыл басынан бері екінші ай қатарынан 16,8%, ал бір айда 1,5%, яғни 13,5 трлн теңгені құрады.
«Ең маңыздысы, 2024 жылы ақша базасының жылдық динамикасы қарқынды өсіп, шілдеде 40,6% динамика көрсетті. Анықтама бойынша ақша базасы ақшаны көбейту кезінде қолданылатын және оның құралдары арқылы өтімділікті алу және қамтамасыз ету (ноталарды жою) шеңберінде Ұлттық Банктің міндеттемелерін ескеретін құралы», – деп түсіндірді Тенгономика телеграм арнасының басшысы, сарапшы Ғалымжан Айтқазин.
Бұл ретте Қазақстандағы ақша массасы 4 бірлікпен өлшенетінін атап өту керек. Олар: М0, М1, М2, М3.
- M0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
- М1- «Ақша», М1 = М0+талап етуге дейінгі депозиттер және теңгедегі аударылатын депозиттер.
- M2 – M1+мерзімді және жинақ салымдар + депозиттерге дейін
- шетел валютасындағы және аударылатын депозиттер.
- М3 – «Кең ақша», М3 = М2 + шетел валютасындағы мерзімді және жинақ депозиттері.
«Қазақстан экономикасындағы ақша базасы мен негізгі ақша агрегаттарын одан әрі кеңейту тенденциясы бюджетке ісер етуі мүмкін. Бұл экономиканы ынталандыру үшін бюджетке қаржы құюдан болатын инфляцияға қарсы қысымды күшейтеді», – деп түсіндірді сарапшы.
Еске сала кетсек, Қазақстан бюджет тапшылығын қысқарту үшін шикізат экспортына баж алымын енгізуді қарастыруда. Айта кетейік, бұған дейін Үкімет бюджет қаражатын үнемдеуге кірісті. Бұл ретте Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет шығындарын қысқартатынын туралы хабарлаған едік.
Елде шілдеде жылдық инфляция қарқын алып, 8,6%-ға дейін өсті. Маусымда көрсеткіш – 8,4%-ға тұрақтаған еді.