Қытайдың шекара қызметі жұма, 16 тамыздан бастап елге келген адамдарды маймыл шешегі ауруына тексеретінін хабарлады.
Мұндай шаралар алты айға енгізілетін. Бұйрық бойынша, індет тіркелген елдерден Қытайға келетін жолаушылар дене қызуы немесе бас ауруы сияқты белгілерді байқаса, кеден органдарына хабарлауы керек.
Содан кейін шекарашылар шара қолданып, бұл ауруды тексереді.
Сонымен қатар Қытай шекарашылары бұл індет тіркелген елдерден келетін тауарларды тексеруге ниетті. Қажет болған жағдайда контейнерлер мен тауарлар дезинфекцияланады.
14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс маймыл шешегінің таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады.
Маймыл шешек – Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездесетін сирек жұқпалы ауру. Оның белгілері – жүрек айнуы, бөртпе, қышу және бұлшықет ауруы.
Қытайда бұл ауру 2022 жылы тіркелді.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері бұрын тек Африка елдерінде ғана анықталып келген маймыл шешек ауруы енді төрткүл дүниеге тарап жатқанына алаңдап отыр.