Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың шілдесінде Қазақстанның депозитарлық мекемелеріндегі жинақтарының көлемі бір айда 2,1%-ға өсіп, 36,5 трлн теңгеге жетті. Ал бір жылдағы өсім 18,9%-ды құрады.
Шілдеде жеке тұлғалардың жалпы депозиттері 20,1 трлн теңгеге дейін артты, ал банктік емес заңды тұлғалардың жинақтары 16,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Бұл ретте, депозиттердің долларлану деңгейі (депозиттердің жалпы көлеміндегі шетел валютасының үлесі) шілдеде төртінші ай қатарынан тарихи ең төмен 22% деңгейінде қалды (2023 жылғы шілдеде 26%). Шілдеде жалпы депозиттік базаның өсімі тіркелді.
Оң үлесті теңгедегі депозиттер қосты (+2,08 п.т.). Керісінше, валюталық депозиттер төмендеуге ықпал етті (-0,90п.т.).
Айта кететіні, қазақстандықтар теңгедегі банктік депозиттерді ақша жинаудың ең сенімді тәсілі деп санайды.
Еске сала кетсек, Freedom Finance Global компаниясы елдегі азаматтардың жинақ мақсаттарын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізді. Оның нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың үштен екісінен астамы (70,5%) жеке қаржыларының есебін жүргізеді. Олардың басым бөлігі – кейде (36,2%) жүргізіп отырады, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен сәл астамы (34,3%) қаржысын тұрақты түрде бақылап отырады. Сауалнама сұрақтарына жауап берген әрбір төртінші қатысушы (25,1%) өз шығындарын бақыламайды.