«Жетісу» футбол клубының спорт директоры 5,5 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агентіктің мәліметі бойынша, клубтың директоры футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны анықталды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық «Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ БАҚ-та «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болған Азамат Шайхұлының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, алайда оның бір күн бұрын қызметінен кеткені расталды. Азамат Шайхы 2022 жылдың маусым айының соңында «Ақжайық» футбол клубының директоры қызметінен өз еркімен кетіп, 2023 жылдың қыркүйегінде «Ақтөбе» футбол клубын басқарды. Сот үкімімен оғанда 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз