Жаңалықтар

Алматы әуежайында техникалық ақау себебінен рейстер кешігуде

Алматы әуежайында рейстер кешігуде/ фото kursiv.media

Алматы әуежайындағы рейстердің кешігуі техникалық ақауға байланысы деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметі.

«Кідірістерге келетін болсақ, рейстерге кезегімен қызмет көрсетілетінін хабарлаймыз. Әуе кемелерінің кешігіп келуі, резервтік ұшақтардың болмауы, техникалық ақаулар, әуе кемелерін ауыстыру және тағы басқа бізге байланысты емес факторларға қатысты проблемалардан туындады», – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Онлайн борттағы ақпаратқа сәйкес сағат 18.15-те Алматыға келетін келесі рейстер кешігетіні ескертілген. Яғни Имам Хомейни, Шымкент, Ыстамбұл, Анталия, Ташкент, Делиден, Астана, Қостанай, Балқаш, Дубай, Бодрум, Подгорица, Петропавл, Шарм әл-Шейх, Қарағанды ​​және Орал қалаларынан келетін ұшақтардың кестесі өзгертілген. Оған қоса Алматыдан басқа қалаларға ұшуға арналған рейстер уақыты шегерілген.

Негізінен Air Astana, SCAT и FlyArystan ұшақтары кеш келетіні белгілі болды. Қазақстан әуежайларында мұндай жағдайдың болуы таңсық нәрсе емес. 14 тамыз күні Азаматтық авиация комитеті Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты басқа да жағдайларды анықтау үшін арнайы тексеріс комиссиясы құрылатынын мәлімдеді.

13 тамызда Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматы халықаралық әуежайында зақымданып, рейстердің кешігуіне себеп болған.