Қаңтар-шілде айларындағы экономикалық өсімді өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы тежеп отыр

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media,бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қысқамерзімді экономикалық идикатор екінші ай қатарынан өсім көрсетіп келеді. 2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша бұл индикатор былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. Экономикадағы 6 негізгі саланың ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте өсім тежелген. Ал өңірлер бойынша республикалық өсімнен төмен көрсеткіш 7 өңірде байқалса, оның ішінде 2 өңір теріс серпінді көрсетті.

Өнеркәсіп. Тау-кен өндірісіндегі бәсеңділік

2024 жылы өнеркәсіп саласы ақпан айынан бастап, 4 ай бойы төмендеу кезеңінде болды. Дегенмен де қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп алғаш рет өсуді көрсетті, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өсім 2,9 %-ды құрады. Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тау-кен өндірісінде өсім небәрі 0,5%-ды құрап отыр. Оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газды өндіру 0,7%-ды құрап, теріс динамиканы көрсетті. Өнеркәсіптегі тағы бір маңызды саланың бірі көмір өндірісінде де 1,9% теріс нәтиже тіркелді. Өнеркәсіп саласының дамуын оң динамикада сақтап отырған – «металл  кендерін өндірудегі» өсім 5,8%-ға жетіп, өнеркәсіп саласында көшбастап тұр. Осылайша, өнеркәсіп саласы ҚЭИ көрсеткішіндегі республика бойынша өсімнен әлдеқайда төмен болып отыр.

Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығындағы өсім

Осы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласында өсім үдеді. Мәселен, қаңтар айында былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өсім небәрі 0,4%-ды құраса, қаңтар-шілде айларында өсім 3,7%-ға дейін өсіп, 7 айдағы ең үлкен нәтижені көрсетті.  Бұл өсімге мал шаруашылығынан бөлек, өсімдік шаруашылығында да тәуір өсім тіркелді. Үкіметтің мәліметінше биыл ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 11,6%-ды құрайды деп күтіліп отыр. Алайда қаңтар-шілде айларындағы өсім республикалық ҚМИ көрсеткішткен төмен болып отыр.

Байланыс. Ұзақ жоғары өсімнің тежелген серпіні

Байланыс саласы 7 ай бойы тұрақтылық пен төмендеу траекториясына түскенімен, жоғары өсімді сақтап келеді. Мәселен, биылғы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,3% өсімді көрсетті. Байланыс саласының осындай жоғары өсімді көрсетуінің басты себебі – байланыс қызметінің жалпы көлемінде 15,3% өсіммен едәуір үлесті «интернет желісі қызметтері, өзге де телекоммуникациялық қызметтер және ұтқыр байланыс» алады. Осының нәтижесінде тиісті  саланың жоғары өсімді қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Құрылыстағы тұрақтылық

Құрылыс саласы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-шілде айларындағы өсім 8,7%-ды құрады. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс саласы 15,9%-ға жетіп, ең үлкен өсімді көрсетті. Алайда келесі үш айда қатарынан өсім төмендеу траекториясына түсті. Дегенмен экономиканың маңызды салаларының бірі құрылыс саласы жоғары өсімді сақтап келеді.  

Сауда  4 ай қатарынан өсімді көрсетті.

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сауда саласы 4,9% ға өсті. Сондай-ақ көтерме сауданың өсімі 4,4%-ға жетсе, бөлшек сауданың өсімі 5,9%-ға дейін өскен. Көтерме сауда сегментінде азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауаалардың сатылымы тұрақты түрде өсуде. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 30,8%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 69,2%-ды құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,4%-ға, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 4,8%-ға ұлғайды.

Көлік және қоймалау

«Көлік және қоймалау» секциясы қызметтерінің 2024 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті. Өсімге үлкен үлес қосқан салалардың бірі жолаушылар тасымалы қаңтар-шілде айларында 11,3%-ға өскен, ал жүк тасымалы 5,8%-ға өсті.

Қаңтар-шілде экономикалық тұрғыда ең жақсы дамыған өңірлер

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 10%-дан жоғары нәтижені 4 өңір  көрсетті: Қарағанды 12,5%, Жетісу 12,4% Шымкент 11,6% және Астана 10,4%.

Ал, осы кезең аралығында 7-10% аралығында өсім 5 өңірде тіркелген: Ақтөбе 9,0%, Қызылорда 8,9%, 7,8% Алматы облысы, Солтүстік Қазақстанда 7,4% тіркелсе, Түркістан облысында 7,0% өсім көрсетті.

Ұлытау, Шығыс Қазақстан және  Павлодар облыстарында 6,7%, 6,6% және 4,4% өсім тіркеліп, республикалық көрсеткіштен жоғары нәтижеге жетті.

Республикалық 4,1%-дан төмен нәтижеге келесі өңірлер кірді: Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары төмен өсімді көрсетті. Атырау мен Қостанай облыстары керсінше – 4,4% және -2,4% өсіммен теріс динамикаға шықты.

Сондай-ақ оқыңыз