Алматы қаласы Рысқұлов даңғылының учаскелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше күнге жол жабылады.
«Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Дәлірек айтқанда, 17 тамыз сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров қиылысындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.
Бұдан бөлек, 18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров қиылысының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.
Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жабылған жолдарын екі бағытта да айналып өту мүмкіндігі болады.
Осыған дейін Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлов көшесі мен Бөкейханов көшесінің қиылысында тұрған көпір жабылып, кейін қайта ашылған.