Рәзия сұлтан, қызыл жылан күні: Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды 17 Тамыз 2024 09:43

(жаңартылды 19 Тамыз 2024 09:10)
Рәзия сұлтан, тұмандағы күннің көзі, қызыл жылан күні: Qalam-ның апта таңдауы / Фото: Darminaopel.ru, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Қазақстан елтаңбасын ауыстыру туралы дауға қатысты пайым, Үндістанды билеген қыпшақ қызы, Моңғол астрологиясының күрделі әлеміне саяхат, монахтар ойлап тапқан Португалияның әлемге әйгілі бәліші және Ежелгі римдіктер ыстық суды қайдан алғанын оқыңыздар.

Қыпшақ қызы Рәзия сұлтан

Рәзия Сұлтананың салтатты миниатюралық суреті. Шамамен 18 Ғасыр/Wikimedia Commons

13–16 ғасырларда Үндістан аумағында Дели сұлтандығы айтарлықтай гүлденді. Сол кездегі алып әрі қуатты мұсылман империясының билеушілерінің тегі, әдетте, түркіден еді. Барлық ортағасырлық мемлекеттердегідей, сұлтанат тіршілігі қайнап жатты: сарайдағы шым-шытырық оқиғалар, төңкерістер мен соғыстар толастаған жоқ. Егер сіз сұлтанның тақ мұрагері тұңғыш ұлы ғана бола алады деп ойласаңыз, онда мұныңыз қате болмақ. Ол қыз болса да оны «патшайым» немесе «сұлтанша» емес, кәдімгідей «сұлтан» деп атаған, өйткені ол — жай ғана патшаның әйелі емес, толықтай ел басқарған адам.

Қызыл жылан күні

Көне Моңғол жұлдыздар картасы. Шамамен 1549 жыл/ Andrew Fare / Alamy

Еуропада жұлдыз жорамал көбінесе ойын-сауық, жай ғана қызығушылық деп есептелетін, тіпті дәстүрлі діндегі жиіркенішті құбылыс ретінде саналса, ал Моңғолияда жұлдыз жорамалға сену – күнделікті рухани өмірдің маңызды бөлігі. Себебі бұл жерде астрология мен жұлдыз жорамал буддизмнің ажырамас бір бөлшегі саналады

Паштел-Де-Ната

Паштел де ната/Shutterstock

Жеті жыл бұрын Португалияда «Елдің жеті керемет тағам түрі» таңдалып, ұлттық сауалнама жүргізілген. Сауалнама нәтижесінде 21 тағам түрінен шорт-лист жасалды. Әрине, паштел-де-натаның бұл тізімде болатынына ешкім күмәнданған жоқ, себебі ішінде тіл үйірер салмасы бар бұл бәліш үш жүз жылдан астам уақыт бойы португал кондитерлерінің мақтанышы.

Шоққа қыздырылған бойлер

Майер Луиджи. Белград маңындағы су құбыры. 1810/Wikimedia Commons

Ежелгі римдіктер шомылғанды қатты ұнататын. Термо монша — ең көп баратын қоғамдық орын саналатын. Пештер тәулік бойы жанып тұратын, ал жаттығудан шаршап шыққан қонақтар әрдайым ыстық және суық бассейнге түсе алатын. Әрине, бұл жайлы жағдай негізінен қомақты қаржысы бар адамдарға арналған еді. Дегенмен қаржысы аз адамдар да ыңғайлы тұрмыс жайын жасай алатын. Толығырақ материалымыздан оқыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыз