Әлемге әйгілі француз әртісі Ален Делон 88 жасында қайтыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: ©️arp/depositphotos.com

Әлемге әйгілі француз әртісі, режиссер, киносценарист Ален Делон 88 жасында дүниеден озды.

Ален Делон 1935 жылы Париж маңында дүниеге келген. 1950 жылдары Париж қаласында кино саласында әртіс ретінде еңбек жолын бастаған. Оған дейін әскери салада қызмет еткен.

1960 жылы «Plein Soleil» атты кинокартина актерға танымалдылық сыйлады. Осы жылы «Rocco e i suoi fratelli» атты кинокартина арқылы даңқы шыға бастады. Ален Делон танымал өнер адамдарымен 88 фильмде әртүрлі образдарды ойнады.

1990 жылдардан бастап денсаулығы күрт нашарлаған. 2019 жылы екі мәрте инсульт алған. Одан кейін Альцгеймер ауруына шалдыққан. Өмірінің соңында Париж маңындағы Души деген жерде оңаша өмір сүрген.

Сондай-ақ оқыңыз