Lifestyle

Олимпиада жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға кәсіпкерлер пәтер сыйлады

Кәсіпкерлер Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға пәтер берді/ фото Алматы облысы әкімдігі

Қонаев қаласының орталық алаңында «ASPAN FEST»  шарасы өтті. Осы фестивальде Париж Олимпидасында грек-рим күресінен күміс иеленген Демеу Жадыраевқа облыс кәсіпкерлері атынан 10 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Оған қоса демеушілер оған үш бөлмелі пәтер кілтін тарту етті.

Бокстан қола жүлдеге ие болған Назым Қызайбайға да құрмет көрсетілді. Спортшыға 2 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтер кілті берілді. Фестивальде танымал эстрада әншілері өнер көрсетті.

Парижде 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді. Десе де бұл жүлде – Қазақстан үшін үлкен олжа болып есептелінеді. Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихында алғаш рет екінші орын алды.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды. 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Югеден жеңілді.