Қазақстан маймыл шешегінің таралуын болдырмау үшін әуежайлар мен шекара бекеттерінде бақылау шарасын күшейтеді

Жарияланды (жаңартылды )
Минздрав Казахстана усилил меры предосторожности из-за распространения оспы обезьян
Фото: kursiv.media архивінен

18 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелмегенін хабарлады. Есесіне, ведомство шекара өткелдері мен әуежайларда санитарлық талапты күшейтпек.

«Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады», – деп ескертті ДСМ.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін министрлік эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға мынадай сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.

2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.

3. Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.

4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.

5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

15 тамызда маймыл шешек ауруының жылдам таралуына байланысты әлемдік төтенше жағдай жарияланды. Келесі күні Африкадан тыс аймақта, яғни Швецияда алғаш рет маймыл шешек ауруы анықталды. Науқас қазір дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық, яғни адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында анықталды. «Курсив» бұл кеселден сақтану жолдары туралы жазды.

Сондай-ақ оқыңыз