Жаңалықтар

Педофилия бойынша күдікке ілінген шенеунік 1 тамызда Amanat партиясы қатарынан шығып кеткен

Amanat партиясы экс-мүшесі педофилия бойынша күдікке ілінді / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жетісу облысында педофилия бойынша күдікке ілінген Amanat партиясының мүшесі 1 тамызда партиядан өз еркімен шығып кеткен.

«Жетісу облысындағы Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыпов осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады», – делінген партия облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарламасында.

БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сүйенсек, Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы Серікхан Жақыпов «7 жасар ер баланы зорлаған» деген күдікке ілінген. Қазір ол тергеуге алынып қамауда отыр.

Ашық дереккөздеріндегі ақпаратқа сүйенсек, Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. 2021 жылы Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің әдеп жөніндегі уәкілі болған. 2024 жылдың 31 наурызында Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

8 тамызда Қызылорда қаласында «16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген» деген ақпарат тараған. Зардап шеккен қызбен кездесуге бала құқықтары жөнінде уәкіл барды. 

Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң 15 маусымнан бастап өз күшіне енген