Ресей еңбек мигранттарының отбасын көшіріп әкелуге тыйым салу туралы заң жобасын енгізбек

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей еңбек мигранттарының отбасын елге кіргізбеуі мүмкін / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресейде еңбек мигранттарының отбасын өздерімен бірге көшіріп алып келуге тыйым салу туралы заң жобасы енгізілуі мүмкін. Жобаны ЛДПР партиясының басшысы Леонид Слуцкий ұсынды.

«Заң жобасында еңбек шартының негізінде Ресейге уақытша келген шетел азаматының отбасы мүшесі ретінде Ресей Федерациясының аумағына кіретін шетелдік азаматтарды елге кіргізбеу туралы ұсыныс бар», — деп жазылған заң жобасының Риа Новости ұсынған түсініктемесінде.

Авторлар заңның  Ресейге тек еңбек шарты немесе патент негізінде келген Ресей азаматтығын алуға негіздері жоқ біліктігі төмен мамандарға қатысты жасалып отырғанын атап өткен.

«Еңбек мигранттарының отбасы оларды өз отанында күтуі керек. Ресейге келген шетелдіктердің жақындары өз тілінде сөйлейді, жергілікті тұрғындарға немқұрайлы қарайды. Осы проблемаларды ескере отырып, біліктілігі жоқ шетелдіктерге жұмысқа орналасу кезеңінде отбасын әкелуге тыйым салу керек. «Келдім, жұмыс істедім – үйге қайтамын». Басқа әңгіме болмауы керек», – деді Слуцкий.

Бастама авторларының пікірінше, қазіргі мигранттардың отбасы Ресейге кедергісіз көшіп келуі бақылаусыз көші-қон ағынына және қоғамдық шиеленістерге әкелуі мүмкін.

15 шілдеде Ресей Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттары үшін бейімделу курсын әзірлеген. 70 минутқа созылатын курста азаматтар РФ еңбек заңнамасы, мінез-құлық ережелерімен танысады. Оның ішінде әйелдер мен ерлерге ысқырмауға және «ағасы» немесе «әпке» деп шақырмау туралы кеңестер ұсынылады.

30 шілдеде Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы ел азаматтығын алу үшін әскерге баратын мигранттардың армиядағы қызмет уақытын арттыру туралы заң жобасын ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз