Жаңалықтар

Нөсер жаңбырдан кейін, Ыстықкөлде төтенше жағдай режимі жарияланды

Ыстықкөлде төтенше жағдай режимі жарияланды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында нөсер жаңбырдан кейін сел жүріп, жолдар жабылып, төтенше жағдай режимі жарияланды.

Kaktus.media ақпаратына сүйенсек, облыс аумағында нөсер жаңбырдың салдарынан төтенше жағдай орын алып және шұғыл қызметтердің күшейтілген жұмыс режимінің енгізілуіне әкеп соқтырып, бірнеше демалыс аймағын су басып қалған.

18 тамыз күні кешке Жеті Оғыз, Ақсу, Ыстықкөл және Тон аудандарында қатты нөсерден кейін барлық жол жабылған:

  • Григорьевка- Кашка-Суу (0-16 км), Григорьевка шатқалына апаратын жол;
  • Боконбаево-Кол-Тор-Дон-Талаа, Көл-тор – Конур-Олон учаскесі (42-43-ші км);
  • Тоғызбұлақ ауылына апаратын жол;
  • Ақ-Сай – Көк-Сай және Ақ-Терек – Дон-Талаа жолдары;
  • Балықшы – Бөкенбаев – Қаракөл жолының учаскесі (60-70-ші км, Кескен-Бел учаскесі);

Көлік министрлігі жанындағы «Қырғызавтожол-Түндүк» жол пайдалану қызметтері қозғалысты мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін жолдарды арнайы техниканың көмегімен тазартады. Тұрғындар мен жүргізушілерге зардап шеккен аудандардағы қозғалысты азайту және сақтық шараларын сақтау ұсынылған.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні Ош шаһарының әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жұмамидин Сулайманқұлов Төлөйкөн ауылындағы «Мөлдір бұлақ» демалыс орнында тыныққан төрт адамды сел ағызып алып кеткенін хабарлады. Ал Озгур ауылында тұрғындар мініп жатқан КамАЗ көлігі теңселіп, бір адам қаза тапқаны хабарландыты. Сондай-ақ Ак Буура каналына жеті автокөлік түсіп кеткен.

29 маусымда Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында сел жүріп өтіп, 5 адам қаза тапқан болатын. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел он ауланы басып, Әбшір-Ата ауылындағы екі көпірді зақымдаған еді. Суға ағып кеткендер арасында қазақстандық балалар даболғаны айтылған