Ұлыбританияның Қаржылық тәртіп жөніндегі агенттігі (FCA)алғаш рет аудиторлық компанияға, атап айтқанда, PricewaterhouseCoopers-қа айыппұл салды деп жазады Financial Times.
Оған клиенттің алаяқтық әрекеті туралы хабарламағаны себеп.
Реттеуші 2016 жылы банкротқа ұшыраған London Capital & Finance (LCF) инвестициялық фирмасын тексерген PricewaterhouseCoopers-тен 15 млн фунт стерлинг (19 млн доллар) өндіріп алмақшы.
Сонымен бірге мамыр айында Британдық қаржылық есеп беру кеңесі (FRC) LCF аудитіндегі қателерге байланысты PwC компаниясына 4,9 млн фунт стерлинг көлемінде айыппұл салды.
«LCF-тің жоғары лауазымды қызметкері аудиторларға қарсы әрекет етті және компания PwC-ге қате және жаңылыстыратын ақпарат берді», – деді реттеуші мәлімдемеде.
Сонымен қатар LCF әрекеті және PwC-тің жеке аудит жұмысы PwC-ті LCF алаяқтық әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдік туғызды. PwC бұл ақпаратты FCA-ға мүмкіндігінше тезірек хабарлауға міндетті болған. Бірақ олар мұны жасамаған.
«Алаяқтыққа әрекетке қатысты күдік тудырған бірнеше себептер болды. PwC сол кезде дереу әрекет етуі керек еді. Олардың бұлай істемеуі FCA-ны ықтимал маңызды ақпараттан айырды», – деп хабарлады реттеуші.
Дегенмен FCA PwC мұны әдейі жасамағанын және аудиторлық фирманың LCF заңсыз әрекеттеріне қатысы жоқ екенін анықтады.
PricewaterhouseCoopers мультинационалды профессионалдық қызмет түрлерін көрсететін фирма, штаб пәтері Лондон Құрама Патшалықта орналасқан. Бұл фирма әлемнің ең ірі төрт бухгалтерлік фирамаларының қатарына кіреді.