Банк пен қаржы

Halyk Bank-тің бірінші жартыжылдықтағы таза пайдасы 2,2%-ға ғана артты. Қаржылық көрсеткішке қандай фактор ықпал етті?

Halyk Bank-тің таза пайдасы 379 млрд теңгені құрады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Halyk Bank-тің таза пайдасы 2,2%-ға артып, 379 млрд теңгені құрады. Бұл туралы қаржы институтының қаржылық есебінде жазылған.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 370,8 млрд теңге болған

Таза пайданың өсуіне 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 14,5 млрд теңгемен салыстырғанда 79,3 млрд теңге сомасындағы Қазақстанның орнықты даму қорының депозитін мерзімінен бұрын өтеу әсер етті. Несиелік шығындарды жабуға арналған шығыстар да өсті.

Банк активтері жыл басынан бері 8,1%-ға – 16,75 трлн теңгеге өскен. Бұл ретте міндеттемелері – 8,9%-ға, 14,17 трлн теңгеге артты. Ал меншікті капиталы – 4%-ға, 2,5 трлн теңгеге дейін жетті.

Несие портфелі жыл басынан бері 6,6%-ға – 9,8 трлн теңгеге дейін артты. Жеке тұлғаларға берілген несиелер 15,3%-ға, заңды тұлғаларға – 2,7%-ға өсті.

Заңды тұлғалардың депозиттері қысқарды

Депозиттік портфель 6,3%-ға ұлғайды. Осылайша көрсеткіш 11,6 трлн теңгеге жетті. Заңды тұлғалардың депозиттері 2,3%-ға қысқарды. Оған негізінен Қазақстандық тұрақтылық қорының депозитін жабу және клиенттердің қазіргі қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қаражатты ішінара алуы ықпал етті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері 9%-ға өсті.

Несие бойынша орташа мөлшерлеменің ұлғаюы есебінен пайыздық кіріс 29,7%-ға өсті. Ал пайыздық шығыстар депозиттер бойынша орташа мөлшерлеменің ұлғаюы және теңгедегі депозиттер үлесінің артуы есебінен 27,2%-ға өсті.

Нәтижесінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы несиелер бойынша шығындарды өтеуге арналған шығыстарға дейінгі таза пайыздық кіріс 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 32,1%-ға артқан. Таза пайыздық маржа (банк активтеріне бөлінген пайыздық кіріс пен пайыздық шығыс арасындағы айырмашылық) 6%-дан жылына 7%-ға дейін өсті.

Төлем карточкаларына қызмет көрсету және депозиттерді сақтандыру бойынша шығындардың өсуіне байланысты комиссиялық кірістер небәрі 1,1%-ға, ал комиссиялық шығыстар 2,8%-ға жетті. Нәтижесінде таза комиссиялық кіріс 0,5%-ға төмендеді.

Банктің негізгі акционерлері Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Олар ALMEX холдингі арқылы қаржы ұйымының 56,4%-ына иелік етеді. 23,14%-ы номиналды ұстаушы және Лондон қор биржасында сатылатын депозитарлық қолхаттарды шығаратын Bank of New York-ке тиесілі.

Еске сала кетсек, Halyk Bank 2023 жылы таза кірісін 21,8%-ға, яғни 693,4 млрд теңгеге дейін арттырған еді.