Сарапшылар 2030 жылға қарай уран бағасы өсетінін болжап отыр. Алайда әлемдік жетекші өндірушінің акцияларын Қазақстан Ұлттық қор қаржысына сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Уранға сұраныс артып, ұсыныс төмендейді / Фото: shutterstock

АҚШ-тағы ірі брокерлік компания Citi сарапшылары 2025 жылы уранның орташа бағасы бір фунт үшін 110 долларға жетеді деп болжайды.

Сұраныс неге артады?

Сарапшылар уранға деген сұраныс таза электр энергиясына деген қажеттіліктің артуына байланысты біртіндеп өсетінін айтады. Ұсыныстың өсуі айтарлықтай баяулайды деп санайды. Бұл уранға да, акцияларына Ұлттық қор қаражаты салынған «Қазатомөнеркәсіп» сынды компаниялардың бағалы қағаздары құнының одан әрі қымбаттауына да әсер ету мүмкін.

Соңғы бір жарым жыл ішінде уран ең танымал инвестициялардың бірі болды. Ақпан айында оның бағасы бір фунт үшін 60 доллардан 107 долларға дейін көтерілді. Алайда содан бері ол тұрақты түрде құлдырады.

Сұраныс артады, баға өседі

Ірі брокерлік компания уранға инвестиция салуға қатысты болжамы өзгеше. Мамандар жыл соңына қарай оның бағасы бір фунт үшін 98 долларға және орта есеппен 94 долларға жетеді деп болжам жасап отыр.

«2025 жылы тіпті 110 долларға дейін өседі. Бүгінде уранның бір фунты 81 доллардан сатылуда», – деп хабарлады компания.

Сарапшылар бағаның қазіргі төмендеуін сауда көлемінің азаюымен байланыстырады. Бірақ Citi жағдай жақын арада өзгереді деп есептейді.

«Өйткені Қазақстан уран өндірісінің артатынын хабарлады», – деп жазылған хабарламада.

Әлемдік уран нарығындағы екі ойыншы да өндіріс көлемін арттырады

Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанның уран өндірісі биыл 59 млн фунтқа жетеді

Нарықтағы тағы бір ірі ойыншы, Канада да өндірісті ұлғайтуды жалғастырады. Жалпы брокер уран жеткізілімі биылғы жылы 17 млн фунт стерлингке артады. Келесі жылы 14 млн фунт стерлингке және 2026 жылы 12 млн фунт стерлингке өседі деп болжайды. Дегенмен 2030 жылға қарай өндіріс өсімі 2027 жылы 9 млн фунтқа, 2028 жылы 2 млн фунтқа, 2029 жылы 1 млн фунтқа дейін күрт төмендейді.

Нәтижесінде 2024 жылдан 2030 жылға дейін жалпы ұсыныс өсімі 38 млн фунт стерлингті құрайды. Ал сұраныс 40 млн фунт стерлингке өседі деп болжайды Citi. Бұл жеткізілім тапшылығына әкеледі. Ол уран бағасына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар 2030 жылға қарай уран қоры 20 млн фунтқа азаяды. Осылайша оның көлемі 18 млн фунтты құрайды.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы шілде айының соңында Ұлттық банк ірі уран өндірушілердің бірі «Қазатомөнеркәсіптің» 12% үлесін сатып алып. Оны Қаржы министрлігінің меншігіне бергенін хабарлады. Бағалы қағаздарды сатып алуға қаражат Ұлттық қордан алынды.

«Қазатомөнеркәсіп» – Қазақстанның уран мен оның қосындыларын, сирек металдарды, атом электр станцияларына арналған ядролық отынды және арнайы техниканы экспорттау жөніндегі ұлттық операторы.

Сондай-ақ оқыңыз