Tesla және X (бұрынғы твиттер) иесі Илон Маск Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Кибертрак көлігін сыйлағанын жоққа шығарды. Бұл туралы Маск өзінің Х-тегі блогында жазды.
Америкалық саясаткер Сет АбрамсонИлон Маскті X желісінде «әскери мақсатта пайдалануға болатын көліктерді» Батыс санкциясына ұшыраған елге жеткізіп, «АҚШ-қа қарсы ашық жұмыс істеп отыр» деп айыптаған болатын. Кәсіпкер оған жауап берді
Мені Ресей генералына Cybertruck сыйлады деп ойлайтындай, соншалықты заманнан артта қалғансың ба? Дәстүрлі БАҚ-тың алдамшы екенін тағы бір дәлелі, – деп жазды Маск
Бұған дейін Қадыров төбесіне пулемет қойылған Cybertruck көлігімен Грозныйды аралап жүрген бейнелер таралған. Шешенстан басшысы Cybertruck-ті Илон Масктің өзі сыйлағанын айтқан.
«Өте ыңғайлы көлік. Осындай тамаша көліктер жуырда арнайы операция аймағына жіберіледі. Ол жақта тиісті сұранысқа ие болмақ», – деп жазды Шешенстан басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президентігіне үміткер Дональд Трамп Илон Маскке берген сұхбатында Tesla-ны мақтады және ЖИ тұтынатын энергияның көптігіне алаңдаушылық білдірді.