Білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін арнайы Call-орталығы іске қосылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін арнайы Call-орталығы іске қосылды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін қосымша грант пен мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, Call-орталық арқылы талапкерлер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету сияқты ақпараттарды ала алады.

«Құрметті талапкерлер! Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 69-50-69; 8(7172) 69-52-92; 8(7172) 69-50-71. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00 – 18:00», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, министр Саясат Нұрбектің айтуынша, төтенше жағдай аймағында қалған өңірлердің түлектеріне 5 112 грант бөлініп, осы квотаны 1 130 түлек қана пайдаланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жоғары балл жинап, грант ала алмай қалған талапкерлер мен заң өкілдері баспасөз маслихатын өткізіп, Жоғары білім министрлігіне өздерінің талап пен ұсыныстарын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз