Қайрат Сатыбалдыны мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару туралы сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Оған шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін екені айтылды. Заңда осы шешімді өзгертетін, яғни оның үйіне қайтуына тосқауыл болуы ықтимал қандай жайттар бар екенін заңгер Нұра Тынысқызы айтып берді.
«Қайрат Сатыбалды небәрі алты жылға бас бостандығынан айырылған. Тәжірибе бойынша тек қана сот шешіміне прокуратура ғана наразылық білдіре алады. Яғни екінші жақ немесе зардап шеккен тарап қана қарсылық білдіре алады. Бұл істе екінші тарап прокуратура болып отыр. Прокуратура қарсылық білдірмесе, Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босатылуына басқа заңдық кедергі жоқ», – дейді заңгер Нұра Тынысқызы.
Заңгердің айтуынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың жақсы іс-әрекеті, келтірген шығынды өтеу секілді өзінің талаптары бар.
«Ол жүздеген миллиард қаражатты мемлекетке қайтарып берді. Сондықтан сот осындай шешім шығарып отыр. Шешімді заңды-заңсыз деп баға бере алмаймыз. Өйткені сот шешімі шығып қойды. Бірақ көбі бұған қарсы», – дейді Нұра Тынысқызы.
Заңгердің айтуынша, сот шешімінің өзгеруіне түрткі болатын бір ғана жайт бар. Ол – қоғамдық пікір.
«Сот шешіміне қоғамдық пікірдің әсері бар. Белсенділер, басқа да адамдар пікірлерін ашық айтып, наразылық білдірсе, онда қоғамдық пікір міндетті түрде ескерілуі тиіс. Өйткені біз демократиялық мемлекетпіз. Бірақ тәжірибеде бәрі өзгеше», – дейді заңгер.
16 тамыз күні Назарбаевтың немересі інісі Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болды. Оған пробациялық бақылау белгіленіп отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан соттарының ресми парақшасында жария етілді.
Сотталушы өтініш хат жазып, жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл түрге ауыстыруды сұраған. Ол үшін заңның барлық талабын орындағанын атап көрсеткен.
Қайрат Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке құны 783 млрд теңгеге жуық активтерді қайтарып бергенімен, бостандықта тұрмыстың тауқыметін көрмеуі әбден мүмкін. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи оның мұнайгаз саласындағы активтерін, әртүрлі банктердегі үлестерін сақтап қалғаны жайында айтқан еді. Мұның алдында, Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш бере алатынын жаздық.. Ал Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған Kaisar Tower бизнес орталығы қыздар университетіне берілген еді. Сонымен қатар БАӘ, Аустрия, Лихтенштейннен 356 млн доллар қайтарған. Барахолкадағы құрылысы аяқталмаған павильон мен бизнес орталығын мемлекетке қайтарғысы келетінін, өзіне тағылған айыпты толық мойындағанын жазғанбы