Өткен түнде ай толды. Бірақ бұл жолғысы әдеттегі құбылыстан ерекше. Өйткені көрсетілген кезеңде жердің спутнигі әдеттегіден жарқын және үлкенірек көрінді.
Ғалымдардың айтуынша ай жерге жақындап бұл жолы 14% үлкенірек және 30% жарқын көрінді. Әдетте айдың көкжиектен максималды биіктігі түн ортасында болады. Бұл ерекше астрономиялық оқиға әлемнің түкпір-түкіпірінен қалай көрінгенін назарларыңызға ұсынамыз.
Нью-Йорктегі Бостандық мүсінінің бейнесінде айдың толуы
Стамбулдағы айдың көрінісі
Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко да бұл көріністі түсірді.
Айта кетейік, биыл мұндай құбылыс қыркүйек, қазан және қараша айларында қайталанады.