Жаңалықтар

Шарлапаев қыста ажиотаж болмас үшін көмірді қазірден бастап сатып алуды ұсынады

"Шубарколь Комир" захотел налоговой стабильности от государства после поручения Токаева увеличить сборы с сырьевых компаний
Министр қазақстандықтарға көмір сатып алуды қазірден бастауды ұсынды / Фото: kursiv.media

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қыстыгүні ажиотаж болмас үшін қазақстандықтарға қазірден бастап көмір сатып алуды ұсынды. Айтуынша, «Шұбаркөл көмірден» көмірді автомобиль арқылы тасымалдауға рұқсат берілген.

Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте журналистер министрден Қазақстан ЖЭО-лары қандай көмірмен жылытылатынын сұрады. Шарлапаев тұрмыстық және энергетикалық мақсаттағы көмірдің екі кен орнынан жеткізілетінін айтты.

«Бізде коммуналдық-тұрмыстық көмір негізінен екі кен орнынан жеткізіледі. Оның бірі – «Шұбаркөл көмір», екіншісі – «Қаражыра». Бұл көмір компанияларының тұрмыстық көмірі мен энергетикалық көмір сапасына қатысты қоятын талаптарымыз жоғары. Өйткені тұтынушылар, әсіресе, көмір тұтынатын ірі энергетикалық компаниялар көмірдің химиялық сапасын да бақылауда ұстайды. Бұл ЖЭО-лардың үзіліссіз әрі дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды», – деді министр.

Сонымен бірге министрлік басшысы жалпы Қазақстанның геологиялық тұрғыдан алғанда жолы болғанын, ел аумағында түрлі сападағы көмір шығарылатынын айтты.

«Елде түрлі сападағы көмір шығарылады. Тұтынушыларға таңдау бар. Ендігі мақсат – елде ажиотаж болдырмау. Сол үшін біз алдын-ала ескертіп айтамыз, қысқа қазірден бастап дайындалыңыздар. Суық түскенін күтпестен, қазірден бастап, қыстық көмір қорын жинап алыңыздар. Көмір бар. Сатылып жатыр. Сонда елде ажиотаж болмайды»,  – деді министр.

Сонымен бірге Үкімет үйінде өткен жиында Қанат Шарлапаев Қазақстандағы 5 облыстың жылу беру маусымына дайындығы 50%-ға да толмайтынын айтты. Министрдің айтуынша, жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері шамамен 1 млн тонна көмір жеткізілген, бұл жылдық жоспардың 12%-ын құрайды. Мониторинг барысында Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында, көмірмен қамту жұмыстары төмен екені анықталып отыр.

Шарлапаев автономды қазандықтарды отынмен қамтамасыз ету жұмыстары ҚарағандыТүркістан, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Абай, Алматы облыстарында және Астана қаласында баяу жүріп жатқанын айтты.