Жаңалықтар

Сицилия жағалауында Ұлыбританияның миллионері және әлемдегі ең ірі банктердің бірі Morgan Stanley басшысы жоғалып кетті

Morgan Stanley басшысы жоғалып кетті / Фото: ВВС скрин

Bayesian яхтасы теңізде батып, Autonomy бағдарламалық шешімдерді әзірлеу жөніндегі компанияның тең құрылтайшысы, британдық миллионер Майк Линч пен Morgan Stanley төрағасы Джонатан Блумер жақын адамдарымен бірге ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Британдық «Билл Гейтс» деген лақап атқа ие бизнесмен Майк Линчтің әйелі Анджела Бакарес дін аман. Құтқарылған 15 адамның ішінде ол да бар.

Италья билігінің ақпаратына қарағанда, жоғалып кеткендердің арасында Morgan Stanley International төрағасы Джонатан Блумердің өзі, оның әйелі, Линчтің 18 жасар қызы Ханна, адвокаты Кристофер Морвилло және оның жұбайы да бар. Қатты құйынның кесірінен яхта Портикелло жағалауында суға батып кеткен. Оның бортында 10 экипаж мүшесі, Канада, АҚШ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландиядан келген 12 жолаушы болған.

Morgan Stanley — америкалық қаржы конгломераты. АҚШ-тың көлемі жағынан екінші трансұлттық корпорациясы. Әлемнің ең ірі банктерінің ішінде 34-орында тұр. Негізі 1935 жылы қаланған. Генри Морган, Харольд Стэнли, Дин Дж. Уиттер іргетасын салған. Әлемде ең ірі брокерлік бизнеске иелік етеді. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.