Жаңалықтар

Қазақстан жыл соңына дейін бидай импортына тыйым салды

Қазақстан бидай импортын шектеді/ коллаж kursiv.media

Қазақстан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бидайды республика аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бастапқыда Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан бастап астық импортына тыйым салатынын хабарлады. Елде импорттың көлемі жарты жылда 1,3 миллион тоннаға жетті. 2023 жылы тұтас импорт көлемі осындай деңгейде болған.

Статистика деректеріне сай 1 шілдедегі есеп бойынша республикада шамамен 6,1 млн тонна астық қоры бар. Жалпы 5,1 млн бидай тонна жиналған, оның ішінде 4 млн тонна азық-түлік мақсатындағы бидай қамбаға құйылды.

АШМ импортқа тыйым салудың бірнеше себебін атады:

  • Былтырғы егіннің бидай қоры жеткілікті;
  • Биыл да астық өнімділігі жақсы;
  • Астық нарығында артық ұсыныстың болмауы маңызды;
  • Ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау.

Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитіне тыйым салынды. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері Қазақстан аумағы арқылы бір-біріне бидайды тасымалдай алады.

«ВАК шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы №278 тиісті бұйрығы бекітілді. Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа  енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады», – деп хабарлады ведомство.

Үкімет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық деңгейдегі қаражат бөлді. Бұдан бөлек, премьер шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам дизель отыны жөнелтілген. Өңірлерге барлығы нарық бағасынан төмен деңгейде тіркелген баға бойынша шамамен 355 мың тонна жеткізіледі. 

Бидай алқабы 13,1 млн гектарды құрады

Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша бидай алқабы 13,1 млн гектарды құрады. Сонымен қатар өткен жылдың күзінен тағы 264,1 мың гектар күздік бидай қалған. Бидайдың бір келісінің орташа бағасы шілде айындағы жағдай бойынша 123 теңге, тоннасына 103 мың теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша 2024 жылдың соңына қарай 17 млн тоннадан астам өнім жиналады.

Қазақстан Түркияға астық жеткізе бастайды. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оған қоса Қазақстан Әзербайжанға астық жөнелту көлемін 1 миллион тоннаға жеткізуге әзір екенін хабарлады.