Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінен прокурорлар заң бұзушылықтарды анықтады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Арай НС» ЖШС Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан. Аудан прокуратурасы мемлекеттік сатып алу барысына талдау жүргізді. Соның нәтижесінде мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген мерзімде орындамағаны мәлім болды.
Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Арай-НС» ЖШС-ні жосықсыз қатысушы деп таныды. Серіктестіктен мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Бас прокуратурасы тексеру жүргізіп, 2021 жылы жекеменшік компанияның Атырау облысында ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен, заңға қайшы жолмен сатып алғанын анықтаған. Яғни «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық операторының газбен жабдықтау нысандарын сатып алуға басым құқығы туралы заң нормасы бұзылған.