Алтын өндіретін «Жалтырбұлақ» екі кен орнын сатты: компанияда Досаевтың әйелінің үлесі бар
Алтын өндірумен айналысатын «Жалтырбұлақ» компаниясы өзінің еншілес кәсіпорны Altyntas Holding жеке компаниясының 500 миллион акциясын сатып алды. Ол үшін «Бөке» және «Васильевское» кен орындарын сатқан. «Жалтырбұлақ» акционерлерінің бірі – Алматы әкімі Ерболат Досаевтың әйелі – Гүлнар (25,6% акция). 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның меншікті капиталы 1,9 млрд теңге сомасында теріс болды (міндеттемелер активтерден асып кеткен). Бұған Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы деректер дәлел.
«Жалтырбұлақ» 19 тамыздан бастап «Бөке» және «Васильевское» кен-металлургиялық компаниясының жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлеске ие емес.
Шілде айының соңында «Жалтырбұлақ» иелікті ішкі қайта құрылымдау туралы хабарлаған. Компанияның өзінің еншілес ұйымы – Altyntas Holding-тің 500 мың акциясын 500 миллион теңгеге сатып алу туралы ойы бар екені сол кезде белгілі болған.
Ал шілде айында компания «Астана» халықаралық қаржы орталығына тіркелгені туралы KASE-ні хабардар етті. Акционерлердің жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды.
«Жалтырбұлақ» АҚ алтын өндіруші компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,187 млрд теңге шығынға ұшырады. KASE-ге ұсынған шоғырландырылған қаржылық есепке сәйкес компанияның меншікті капиталы – 3 156 673 мың, жалпы кіріс – 265 230 мың, таза пайда (таза шығын) – 1 187 970 мың теңгені құраған.