Жаңалықтар

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке итермелеген қызға еріктілер 17 млн теңге жинап берді

Қызға еріктілер 17 млн теңге жинап берді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қызылорда қаласында сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жасар қызға еріктілер 17,9 млн теңге жинап берді, бұл туралы Айтбек Амангелді оқушы мен анасы үшін қанша қаражат жиналғанын және ол ақша қалай жұмсалып жатқанын Instagram парақшасында бөлісті.

Айтбектің айтуынша, бас аяғы 17 млн 984 мың 909 теңге жиналған.  Оның 922 мың теңгесін жұмсап үлгерген.

Қыздың таксидегі ақшасы, қонақ үйдегі  броны, билетінен басқа олар 100 мың теңгені НеМолчи қорына аударған. Қызын күнде ауруханаға апару үшін анасына тағы 100 мың теңге аударған және оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген. Тағы 100 мың теңгені азық-түлігіне аударған.

фото: Айтбек Амангелді жариялаған құжаттың скрині

Айтбектің айтуынша кестедегі шығындар күн сайын жазылып отырады. Сонымен қатар кез келген адам оны қарап, сұрақтарын да қоя алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікке итермеледі деген күдікпен мектеп оқушыларына қатысты іс қозғалды.