Қазақстанның жеті аймағында 1000-ға жуық бірінші сынып оқушысының оқу бағдарламасына шахмат енгізілді
Астанада оқу-ағарту министрлігінің, халықаралық шахмат федерациясының
(FIDE) қолдауымен және Freedom Holding Corp бас серіктестігімен «Білім берудегі шахмат» II халықаралық конференциясы басталды, бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.
Федерацияның мәліметінше, конференция алаңында АҚШ, Еуропа, Азия және
ТМД елдерінің халықаралық сарапшылары, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесі
тарапынан 200-ден астам қатысушы бас қосты.
KazChess президенті Тимур Турлов бұл конференцияның мақсаты – білім беру саласына шахматты енгізу бойынша тәжірибелермен алмасу екенін айтты.
«Бұл конференция – FIDE өкілдерімен және шахматшылар қоғамдастығымен
ақылдасу үшін ғана емес, сонымен қатар осы саладағы озық тәжірибемен алмасу үшін жақсы мүмкіндік. Білім беру саласының үздік сарапшыларының, қазақстандық педагогтар мен шахматшылардың басы қосылатын бұл алаң барлық қатысушыларға пайдалы болады деген үміттеміз», – деді Турлов.
KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Садвақасов қатысушылармен шахматты
мектепке енгізу барысындағы федерацияның негізгі жетістіктерін бөлісіп, елімізде
шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспарымен бөлісті.
«Бүгінгі таңда Оқу-ағарту министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп күш-жігер салудың арқасында өткен оқу жылында Қазақстанның жеті аймағындағы 4 мектепте 1000-ға жуық бірінші сынып оқушысын қамтыған пилоттық жоба іске асты. Сонымен қатар 1-сынып оқушыларына арнап әзірленген оқу-әдістемелік құрал шығарылды», – деп атап өтті Д. Садвақасов.
Сондай-ақ білім беру саласында шахмат үйрету сәтті енгізіліп, дамып келе жатқан Испания, Түркия және Армениядан келген сарапшылар конференция барысында өз тәжірибелерін және үздік практикаларымен бөлісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық оқушылар шахматтан әлем біріншілігінде 7 алтын жүлдеге ие болды.