Скутер шығаратын үндістандық компанияның акциялары 90%-ға өсті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Скутер шығаратын үндістандық компанияның акциялары 90%-ға өсті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Үндістанның танымал скутер шығаратын Ola Electric алғашқы жария ұсыныс (IPO) аясында үлкен жетістікке жетіп, оның акциялары 90%-ға дейін өсті, бұл туралы Bloomberg.com жазды.

Шетелдік басылымның мәліметінше, соңғы екі аптаның ішінде компанияның нарықтық құны 7 миллиард долларға жетті. Салыстырмалы түрде, Қазақстанның Air Astana әуе компаниясының нарықтық құны қазір 628 миллион долларды құрайды.

Ola Electric компаниясының IPO-сы соңғы екі жылдағы Үндістандағы ең ірі IPO-лардың бірі болды және инвесторларды қызықтырды. Бұл IPO Ola Electric компаниясының нарықтағы орнын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Үндістандағы электроскутер өндірісінің болашағына үлкен сенім арттырды.

Айта кетейік, Ola Electric компаниясы 2017 жылы Үндістанның Бангалор қаласында ашылды. 2023 жылы компания Үндістандағы скутерлер нарығын 30% үлесімен басқарды. Қазіргі уақытта компания электроскутер нарығындағы көшбасшылардың бірі және жаңа инвестициялар арқылы өз позициясын одан әрі күшейтуді көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз