Өзбекстанда жаңа Vodafone операторы мен 5G standalone желісі іске қосылмақ

Жарияланды 21 Тамыз 2024 13:05

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Өзбекстанда Vodafone операторы мен 5G standalone желісі іске қосылмақ / фото: freepick коллаж: Kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Британдық Vodafone ұялы байланыс операторы Өзбекстанда жұмыс істей бастайды. Бұл мәселе Өзбекстан Президентімен кездесуде талқыланды, деп хабарлады O’zbekiston 24.

Өзбек баспасөзінің мәліметінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу барысында ірі кәсіпкер InfinBank негізгі акционері Фарход Маматжанов Vodafone байланыс операторымен ынтымақтасып, Өзбекстанда 5G standalone ұялы байланысын енгізуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Сіз Өзбекстанға әлемдік брендтерді тартуды тапсырдыңыз. Ұлыбританияның жетекші Vodafone компаниясымен бірге біз 5G standalone желісін қолдайтын ұялы байланыс операторын іске қосу жобасын бастадық», – деді Маматжанов.

Сондай-ақ, кәсіпкер жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 250 миллион еуроны құрайтынын айтты. Оның ішінде 100 миллион еуро Финляндияның экспорттық агенттігі мен «Узпромстройбанк» арқылы тартылды, ал қалған 150 миллион еуроны құрылтайшылар бөлмек.

Айта кетейік, Vodafone-Ұлыбританияның жетекші телекоммуникациялық компаниясы 30-дан астам елде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша 400 миллионға жуық пайдаланушыға қызмет көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз