Ұлытау облысында түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилері сотталғандарды азаптаған. Оқиға Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде болған.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
№62 мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкерінің қылмысы тергеу қорытындысымен дәлелденді.
Сот үкімімен аталған мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге, осы мекеменің бес қызметкері 4 жылға, әскери бөлімінің төрт қызметкері 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шілде айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ұсталды. Департамент басшысы Әділет Мұстафиновге 1 млн теңге пара алды деп айып тағылды.