Мемлекеттік грант негізінде жүзеге асатын ғылыми жобалар кеткен шығынның 15%-ы көлемінде табыс табуға міндетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ғылыми жобалар шығынның 15% табыс табуға міндетті / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бюджеттен қаржы бөлінген ғылыми зерттеулер жоба нәтижесінде мемлекеттік гранттың 15%-ы көлемінде табыс табуға міндеттеледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Курсивке» берген ресми жауабында жазылған.

«Ғылыми жобаларды коммерцияландыру процесінің тиімділігін арттыру үшін жоба нәтижелеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Мұнда аяқталатын жобаның кірістер көлемі грант сомасының кемінде 15% құрауы керек деп белгіленді», – делінген жауапта.

Министрлік грант алуға мүдделі жобалардың сапасын арттыру үшін конкурстық талаптарына толықтырулар енгізбек. Жобалардың технологиялық дайындық деңгейі алдын ала бағаланып, тәжірибелік өндіріс және сынақтар жүргізу кезеңіне дейін жоспарланатын болады.

Бұдан бөлек, ведомство сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін саладағы заңнамаға өзгерістер пакетін дайындауды көздеп отыр. Өзгерістер алдын ала ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен талданатынына баса назар аударған.

Мемлекеттік бюджеттен 32 млрд теңге бөлінген коммерциялық ғылыми зерттеулердің 70%-ы кітап және мақала жазумен аяқталып практика болмаған. Оның ішінде 130 жоба, яғни жалпы жобалардың 90%-ы алдын ала мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмай, өнімсіз бастамалар болып танылған.

Сондай-ақ оқыңыз