Ресей президенті Владимир Путиннің Құранды сүйіп жатқан видеосы желіде вирусқа айналды

Жарияланды 22 Тамыз 2024 14:28

(жаңартылды 22 Тамыз 2024 15:08)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
коран
Путиннің Құранды сүйген видеосы желіде вирусқа айналды / Фото: Кремль, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстанға сапары кезінде Иса пайғамбар атындағы жаңа мешітке қолдан жасалған Құран сыйлаған. Сыйлығын берген кезде Путин кітапты сүйіп, мешітке тапсырған. Осы сәтте түсірілген бейнежазба желіде вирусқа айналды.

Видео Түркия, Сирия, сондай-ақ Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның әлеуметтік желілерінде көп таралған.

Путин мешітке сыйға тартқан кітап қолдан жасалған, оның нақты құны белгісіз. Алтын әшекейлермен және асыл тастармен безендірілген.

Сапар барысында Путинге Шешенстанның Құрметті азаматы куәлігі табыс етілген.

Айта кетейік, 2024 жылы 6 тамызда Украина-Ресей шекарасы аумағында орналасқан Курск облысы аумағына украин әскері басып кірген. Владимир Путин бұл әрекетті арандату деп атаған. 22 тамызға дейін өңірден 200 мыңға жуық адамды эвакуациялаған.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы «Арнайы әскери операция» деген атпен ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың мақсаты ретінде Украинаның Донецк және Луганск облыстарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету аталған болатын. Ресей оларды ресми түрде Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы деп атайды.

2022 жылы маусым айында Петербор экономикалық форумына барған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Донецк және Лугансктің тәуелсіздігін мойындамайтынын және БҰҰ тізіміне жататын 193 елдің ғана тәуелсіздігін мойындауға дайын екенін айтқан еді

Сондай-ақ оқыңыз