Жаңалықтар

Өнеркәсіп министрлігі қара металдар сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салды. Бұрын түсті металл экспорты да шектелген еді

Что Минпромстрой запретил вывозить ж/д транспортом
Қара металл сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салынды / фото: kursiv.media

Қазақстаннан енді түсті металмен қатар, қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға да тыйым салынды. Белгісіз мерзімге дейінгі уақытша шектеу туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 19 тамыздағы  № 304 бұйрығында жазылған.

Бұйрықта Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салған. Бұйрық бүгін, 22 тамызда күшіне енеді.

Министрліктің хабарлауынша, бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданған. Өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 5 мамырынан бері түсті және қара металдар мен қалдықтарын теміржол арқылы сыртқа шығаруға жарты жылдық шектеу бар. Министрлік «Курсивтің» түсті металдарды шығаруға салынған шектеуі алынды ма деген сұрағына материалды жариялағанға дейін жауап бермеді. Егер алынбаса, қазіргі таңда Қазақстан түсті және қара металдар мен олардың қалдықтарын теміржол арқылы сыртқа шығаруға тыйым салған елдердің қатарында.

Айта кетейік, қыркүйектен бастап бензин мен дизель отынын Қазақстаннан әкетуге тыйым мерзімі 6 айға ұзартылғанын хабарлаған едік.