Жаңалықтар

Жаңа пандемия: Таиландта еуропалық туристтен маймыл шешегінің аса қауіпті штаммы анықталды

Таиланд билігі Азиядағы маймыл шешегінің жаңа штаммының алғашқы жағдайын растады
Таиланд билігі Азиядағы Mpox вирусының жаңа штаммының алғашқы жағдайын растады / Архив: kursiv.media

Таиландта еуропалық туристен маймыл шешегінің жаңа, аса қауіпті штаммымен анықталды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

«Таиланд mpox вирусының жаңа мутацияланған штаммы табылған Азиядағы бірінші ел», – деп жазды басылым.

Таиланд денсаулық сақтау министрлігінің пандемияны бақылау департаменті хабарлағандай, маймыл шешегінің Clade 1 мутацияланған түрі Бангкокқа өткен аптада Африкадан келген кавказдықтан анықталған. Ел билігі 66 жастағы науқастың 43 адаммен жақын байланыс орнатқанын анықтап, оларды бақылауға алды.

Таиланд билігі Азиядағы Mpox вирусының жаңа штаммының алғашқы жағдайын растады.

Бұл ретте ел үкіметі mpox таралуын болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдауды бастады. Бұдан былай 42 елден келген саяхатшылар тексеріліп, бақылауға алынбақ.

Mpox вирусының екі негізгі тобы бар: Clade 1 және Clade 2. Clade 2 – 2022 жылы басталған жаһандық пандемияға ықпал етті. Clade 1 аса қауіпті болып саналады және ауыр зардаптары бар жұқпалы ауру ретінде жіктеледі. Бұған дейін Таиландта маймыл шешегінің тек Clade 2 шатммы ғана анықталған еді.

Маймыл шешегі, көбінесе, жабайы жануарлардан жұғады. Мәселен, тістеп қойса, я болмаса, жануардың биологиялық материалы ашық жарақатқа түссе, вирус ағзаға тез таралады. Сонымен қатар вирус дұрыс өңделмеген ет арқылы жұғуы мүмкін. Ал адамдар арасында ауа арқылы тарайды. 

Бұған дейін Қытай маймыл шешегінің таралуына байланысты алты айға туристерге бақылауды күшейтті.