Рекордтық көрсеткіш: Қазақстан биыл 13 жолаушы ұшағын импорттап, 10-ын экспорттаған

Жарияланды
Қазақстан 2024 жылдың бірінші жартысында 10 жолаушы ұшағын сырттан әкелген/ Фото: kursiv.media

Қазақстан 2024 жылдың бірінші жартысында 13 жолаушы ұшағын импорттаса, 10 жолаушы ұшағын экспортқа шығарған. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро деректерінде жазылған.

Бюроның мәліметінше, бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. Өйткені әр жылдардың сәйкес кезеңінде елге 2 немесе 3 қана ұшақ кіргізіліп отырған. Мәселен, 2015 жылы 2 ұшақ әкелінсе, 2 ұшақ экспортталған. 2017 жылы да небәрі 2 ұшақ сатып алынған. 2016 жылы ұшақ мүлде алынбаған. Ал 2018 жылы Қазақстан рекордтық көрсеткіштерге жетіп, 8 ұшақ сатып алған. Одан кейінгі жылдарда көрсеткіштер тағы 2-3 ұшаққа дейін төмендеген. Тек 2023 жылдан бастап, экспорт көлемі қайта арта бастаған. Мәселен, 2023 жылдың жарты жылдығында елге 5 ұшақ жеткізілген.

Ал осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша шетелден сыйымдылығы 50-ден 300 адамға дейінгі 13 ұшақ сатып алынған.

Қазақстан ұшақтарды негізінен Франциядан жеткізген. Бұл елден 6 ұшақ сатып алынған. Сондай-ақ Ирландиядан 4 ұшақ, АҚШ-тан 2 ұшақ, Германиядан 1 ұшақ жеткізілген. Бұл ұшақтарға жұмсалған қаржы 656 миллион долларды құраған. Бұл бұл өткен жылғы деңгейден үш есе жоғары екен. Сонда бір ұшақтың бағасы орташа есеппен 50,5 миллион доллар көлемінде. Ал бір жыл бұрын сатып алынған 5 ұшақтың әрқайсының бағасы 46,3 млн долларды құрған.

Биыл Қазақстан тек импорт бойынша емес, сонымен бірге 10 ұшақ сатып экспорт жөнінен де рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Экспортталған ұшақтың жетеуін Ирландия сатып алған.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың күзінде Көлік министрі Марат Қарабаев 2022 жылы отандық авиакомпаниялар 14 ұшақ алғанын айтқан болатын. Ал 2023 жылы 11 ұшақ алынатынын солайша Қазақстан ұшақтарының саны 100-ге жетіп, ондағы орындықтар саны 12 мыңнан 15 мыңға артатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз