2024 жылдың алты айында КҚК арқылы «Қазмұнайгаз» 7 млн тоннаға жуық мұнай тасымалдады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Каспий құбыр консорциумы арқылы жүк жөнелту көлемі 3,1%-ға өсті / Архив: kursiv.media

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 33,21 миллион тонна мұнай жөнелтті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» есебінде жазылған.

Құжатқа сүйенсек, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында КҚК 32,2 млн тонна мұнай тасымалдады. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында жүк жөнелту көлемі 3,1%-ға өсті.

Қаңтар-маусым айларында КҚК арқылы тасымалданған мұнайдың ішінде ҚМГ үлесі 6,89 млн тоннаны құрады.

«ҚазМұнайГаз» есебінде КҚК жүйесі бойынша мұнай тасымалдау тарифі тоннасына 36 доллар деңгейінде қалғанын атап өтілген.

Каспий құбыр консорциумы – ірі халықаралық мұнай жеткізу жүйесі. Ол Қазақстан батысынан (негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан) Қара теңіздегі Новороссийск (Ресей) портына жақын орналасқан терминалдарға мұнай жеткізу үшін құрылған. Мұнай тасымалдауы 2001 жылы басталған, ұзындығы 1500 шақырым. Бұл жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты. Ол Қазақстаннан құбыр арқылы тасымалданатын көлемнің 80%-дан астамын құрайды.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%. 

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы биыл Новороссийск теңіз терминалынан экспортқа 30 миллион тонна мұнай жөнелткенін хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз