Lifestyle

Оңтүстік Кореяда толық зарядталған электр көліктерін жерасты автотұраққа қоюға тыйым салынады

электр көліктерін зарядтау стансасы
Сарапшылардың айтуынша, электр көліктерін толық зарядтауға болмайды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Оңтүстік Корея билігі қоғамдық зарядтау станцияларына электр көліктерінің аккумуляторларын 80% жоғары зарядтауға тыйым салуды көздеп отыр деп жазады Carscoops.com басылымы.

Сонымен қатар аккумулятордың заряды 90%-дан асатын электр көліктеріне жерасты тұрақтарына қоюға тыйым салынады. Ережелер қыркүйек айының соңына дейін енгізілуі мүмкін.

Осы айда Сеулде тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында тұрған Mercedes-Benz EQE өртеніп кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, салдарынан өрттен жақын маңдағы 880 көлік зақымданған. Бұған қоса 1600 үй бір апта бойы жарықсыз және сусыз күн көруге мәжбүр болған.

Елдегі электромобиль бойынша, мамандар бұл ережелерге қарсы. Батареяны зерттеу орталығының қызметкерлері толық зарядталған батареялардың өрт шығу қаупін арттыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ деп отыр.

«Шамадан тыс зарядтау өртке әкелетін фактор емес», – дейді мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, электромобильдерді ешқашан толық зарядтауға болмайды, тіпті бақылау тақтасы 100% зарядталғанын көрсетсе де мұқият болу керек.

Айта кетейік, Қытайдың электромобиль өндірісі нарығындағы қарқыны әлем елдерін таңғалдырып отыр. 2016-2022 жылдар аралығында мемлекет электрлі және гибридті қозғалтқыштағы автомобильдер өндірісіне 57 млрд доллар бөлді. 2023 жылы салық жеңілдігінің жаңа төрт жылдық бағдарламасын жариялады.

Қытайдың бұл салада әлем бойынша көш бастауына қандай факторлардың әсер еткені жайлы «Курсив» тарқатып жазған болатын.

Сонымен бірге қытайлық автоөндірушілер жасаған жаңа жаһандық автомобиль тренді жайлы осы жерден оқи аласыздар.

Қытай тек электромобиль нарығында ғана емес, сонымен біге жалпы автонарықта әлемдегі автоалпауыттардан озып кетті. Мәселен, 2023 жылдың көктемінде көрші ел Жапонияны басып озды. Солайша Қытай әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушысы атанды.