Құлжа тас жолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, 23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.
Айта кетейік, Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.
Осыған дейін Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлов көшесі мен Бөкейханов көшесінің қиылысында тұрған көпір жабылып, кейін қайта ашылған.