Жаңалықтар

Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова үй иесіне қасақана зиян келтіргені үшін айыппұл арқалады

Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешоваға айыппұл салынды / фото: Instagram.com/dana_ateshova, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Дана Атешоваға үй иесіне қасақана зиян келтіргені үшін 20 АЕК (73 840 ) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Соттың мәліметіне сүйнсек, Атешованы мәжбүрлеп шығару барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

«Жасалған теріс қылық мән-жайларын және оның ауырлығын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер екенін, үш жас баласын асырап отырғанын ескере отырып, сот Атешоваға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Марат Әйтенов пен Дана Атешованың арасында дау туған еді. Дәлірек айтқанда, Айтенов бұрынғы әйелін үйден көшіру кезінде бір-бірлеріне қол көтерген. Әйелге қатысты жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталған.

Алайда сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған. Және балаларын алып кеткісі келгенде, бұрынғы жұбайының оларды қолдарынан ұстап жібермегенін айтқан. Әйтенов өзінің әдепсіз сөз айтпағанын, әйелді ұрмағанын жеткізген.