10 млн доллардан астам байлықты қалай тапқанын дәлелдей алмағандар ақшаны мемлекетке өткізді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
 10 млн доллардан астам түсініксіз байлық / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

10 млн доллардан астам байлықты қалай тапқанын дәлелдей алмағандар ақшаны мемлекетке өткізді, бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару жөнінде комитеті хабарлады.

«Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттары мемлекет кірісіне айналдырылды», – делінген хабарламада.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның негізгі қағидаты болып қала береді.

Еске сала кетейік, 2024 жыл басынан прокурорлар мемлекетке 325 млрд теңге мөлшерінде заңсыз шығарылған активті, 400 млн теңге болатын зергерлік және мәдени құндылықтарды қайтарып берген. Сондай-ақ заңсыз сатып алынған 513 мың гектардан астам жер учаскесі тәркіленді.  

Сондай-ақ оқыңыз