Skydance компаниясы сатып алушылар қатарында Нұрәлі Әлиев те болған Paramount-ты біріктіру туралы келісімді бұзды деп айыптады  – БАҚ

Жарияланды 23 Тамыз 2024 20:25

(жаңартылды 26 Тамыз 2024 11:25)
post.authors.0.name

Нұртай Текебаев

Тілші
Skydance келісімді бұзған Paramount-ты айыптады/ фото: REUTERS/Fred Prouser

Америкалық Skydance Media бірігу туралы өзара келісімді бұзды деп Paramount Global (SPB: PARA) медиахолдингін айыптап отыр. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.

Бірігу туралы келісімге сәйкес, Paramount компаниясы 45 күн ішінде оны сатып алу бойынша балама ұсыныстарды сұрауы және қарауы тиіс еді. Сәрсенбі, 2024 жылдың 21-і тамызы – осы мерзімнің соңғы күні, компания миллиардер Warner Music Group-тың бұрынғы басшысы кіші Эдгар Бронфман өтініш жолдағанын және Бронфман атынан әрекет ететін инвесторлар консорциумға қатысты мерзімді 5 қыркүйекке дейін ұзартқанын хабарлады.

Skydance Бронфман қолайлы ұсыныс жасамағандықтан, Paramount-тың мұндай шешім қабылдауға құқы жоқ деп есептейді. Компания келісімді бұзу құқығын пайдаланудан уақытша бас тартатынын, бірақ алдағы уақытта осы қадамға баруы мүмкін екенін ескертті.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев Paramount Global медиа тобын сатып алу туралы ұсыныс жасаған. Әлиев және оның серіктестері АҚШ-тағы Skydance Media компаниясымен бәсекелес болып есептеледі. Атақты медиа компанияны сатып алуға бастама жасаған инвестор – бизнесмен Эдгар Бронфман. Ол компанияны бақылау үшін 5,5 млрд доллар ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз