Волгоград облысындағы қатаң режимдегі түрмеде сотталушылар шабуыл ұйымдастырып, колония қызметкерлерін кепілге алды

Жарияланды
Фото: Максим Киселев / ТАСС

Ресейдің Вологорад облысы Суровкино қаласының қатаң режимдегі №19 түзету мекемесінде бүлік шықты. Түзету колониясында өтіп жатқан тәртіптік комиссия отырысында жазаны орындау жөніндегі федералды қызмет мамандарына тұтқындар шабуылдады.

Олардың саны шамамен 3-4 адам деген болжам айтылуда. Сотталушылар өздеріне автокөлік пен қару-жарақ беруді, айып абақтысынан жерлестерін босатуды талап етіп отыр.

Ақпарат құралдары колонияның бір қызметкері қаза болды деген деректі алға тартты. Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров ЖОФҚ зардап шеккен төрт қызметкері Суровикино орталық аудандық ауруханасына жатқызылғанын хабарлады. Өңірілік денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, олардың екеуінің жағдайы мүшкіл. Тағы екеуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта кепілге алынғандарды құтқару бойынша жедел штаб құрылған.

Путинге Қауіпсіздік кеңес болған жайт жөнінде баяндаған. РФ Президенті ІІМ-нің есеп беруін күтуде. Қазіргі уақытта колония қызметкерлері өздерінің «ИШИМ» радикалды ұйымының мүшелері екенін мойындағаны айталды. Қаладағы түрмеде 1 мыңнан астам тұтқын бар.

Арнайы жасақ колонияға шабуыл ұйымдастырды. Операция сағат 16:00-де басталып, 16:30-да аяқталған. Әскер бүлікшілердің бірқатарын алғашқы минуттарда өлтірген. Ақпарат құралдары екі содардың қолға тсүкенін жазды.

Түрмедегі бүлік биыл Ресейде болып жатқан алғашқы оқиға емес. 16 маусымда Ресейдің Ростов-на-Дону  қаласындағы «СИЗО-1» деп аталатын мекемесінде тұтқында отырған ИГИЛ мүшелері екі қызметкерді кепілге алды.

Сондай-ақ оқыңыз