Қырғыстан президенті халықының әл-ауқатының нашарлауына Ұлттық банк төрағасы мен орынбасарлары кінәлі деп санайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Почему Жапаров раскритиковал руководства Нацбанка
Қырғыз президенті Ұлттық банк басшыларын неге сынады? / Фото: Қырғыз Республикасы президентінің әкімшілігі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұлттық банк басшылығының жұмысын сынға алды. Басшылардың тиімді жұмыс жасамауының әсері ел азаматтарының әл-ауқатына кері әсерін тигізді деген қырғыз басшысы банк төрағасына сөгіс жариялады. Оның екі орынбасарын да қызметінен босатты.

Жапаров Ұлттық банк басшысы Мелис Тұрғынбаевқа «басшылық құрамының жұмысын тиісті деңгейде үйлестірмегені үшін» сөгіс жариялады. Орынбасары Манас Жақыпов «сенімнің жоғалуына байланысты», ал Қайып Күленбеков «берілген арыз бойынша» қызметінен босатылды.

Қырғыстан президенті  кадрлық шешімнің негізі себебін валюта бағамының тұрақсыздығы және банк жүйесі мен ұлттық экономиканың тұрақтылығына кері әсерін тигізуімен байланыстырды. Президент әлсіз ақша-несие саясаты ел азаматтары мен кәсіпкерлерінің жағдайын нашарлатқанын атап өтті.

Жуырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров діни терминдерді компания атауына қолдануға тыйым салу үшін «Қырғыз Республикасының Азаматтық кодексіне өзгеріс енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Заңның басты мақсаты заңды тұлғалардың фирма атауында діни сипаттағы сөздерді, терминдер мен анықтамаларды қолдануға тыйым салатын құқықтық нормаларды құру болып отыр.

Бұл ретте діни сипаттағы сөздердің, терминдердің, анықтамалардың тізбесін және оларды пайдалану тәртібін елдің министрлер кабинеті бекітетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз