Әуе компаниялары Израильдің Тель-Авив қаласына рейстерді тоқтатып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
израиль, 25 август
Фото: Reuters

Францияның Air France, Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways және Грекияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авив қаласына баратын және одан келетін рейстерді тоқтатты.

Шетелдік ақпарат құралдары сол күні тағы 16 компанияның Израильмен әуе қатынасын кейінге шегергені туралы ақпарат жариялады.

Неміс әуе компаниясы Lufthansa Тель-Авив Тегеранға рейстерді 2 қыркүйектен бастап іске қосатынын ескертті.

25 тамызда Израиль 48 сағатқа төтенше жағдай жариялады. Израиль армиясы «Хезболла» ұйымының Ливандағы нысандарын 200 зымыран және дрондармен атқылады. Оған жауап ретінде «Хезболла» Израильдің солтүстік аймағындағы әскери нысандарына  300-ден астам зымыран ұшырған. Еврей мемлекетіндегі қорғаныс жүйесі зымырандардың біразының бетін қайтарған.

Сондай-ақ оқыңыз